$ 523.2  594.3  6.38

Димаштың әні әлемде ең көп тыңдалған 100 композиция қатарына енді

 Бұл ән үш аптадан бері Ocko Chart рейтингінде бірінші орында тұр.

Фото: Salve Music
Фото: Salve Music

Әнші Димаш Құдайбергеннің орындауындағы «Love’s Not Over Yet» әні ең көп тыңдалған 100 әннің қатарына енді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Әлемнің түкпір-түкпірінен 120 миллионнан астам трекке қол жеткізуге мүмкіндік беретін француздық Deezer музыкалық ағынды платформасында «Love’s Not Over Yet» Венгриядағы ең көп тыңдалған 100 әннің қатарына енді», - деп жазды dimashnews.com.

Айта кетері, ән әлемнің көптеген елінде тыңдалып, түрлі музыкалық хит-парадтар мен рейтингтерге енді.

Чехияның OCKO.TV музыкалық арнасы Димаштың жаңа әнін премьерадан кейін бірден ТОП-20 үздік әндердің қатарына қосқан болатын.

Сондай-ақ бұл композиция үш аптадан бері Ocko Chart рейтингінде бірінші орында тұр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 6
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары