$ 523.2  594.3  6.38

«Қатты ренжіттім»: Айгүл Иманбаева Қарақат Әбілдинадан арнайы кешірім сұрады (ВИДЕО)

"2 күн үйықтай алмадым".

 

 

 

Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Бірнеше күн бұрын белгілі әнші Қарақат Әбілдина Астанада өз туған күнін дүркіретіп атап өткен еді. Сол кеште Айгүл Иманбаеваның қонақтардың арасынан қарасы көрінбеген көрінеді, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Бұл туралы Айгүл Иманбаева өзінің инстаграм парақшасында жариялады.

"Мен өз өмірімдегі мен үшін өте қымбат, қатты құрметтейтін жанды ренжітіп алдым. Бүгін кешірім сұрауға және құттықтауға арнайы келдім. Және ол жан ешкімге ренжи алмайтын, бәріне болса екен деп тілейтін, жүрегі кең, жаны дархан, айналасына нұрын шашып жүреді", - деді ол.

Әнші Қарақатты құттықтауға арнайы бір құшақ гүлдерімен келген.

"Сені күттім. Қатты ренжімесем де, ренжігенім рас. Бірақ бұл жанға ренжи алмайды екенмін. Ықыласыңа рақмет, Айгөлек! Менің ең сүйікті гүлдерімді әкеліпсің", - деп өнердегі әріптесіне алғысын білдірді.

Өз кезегінде эстрада жұлдызы Айгүл Иманбаева 2 күн бойы ұйықтай алмағандығын айтты. Еске сала кетейік, туған күн қарсаңында қазақтың аяулы қызы Қарақат Әбілдина Парасат» орденімен марапатталған болатын. Қос құрбы қуана қауышып, бір-біріне жүрекжарды лебіздерін білдірді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 28
Ұнамайды 15
Күлкілі 13
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары