"Біз оқуға түскен кезде жемқорлық болды".
Жас актер Рауан Ахмедов "Taboo" бағдарламасына сұхбат беріп, колледжге түсерде одан ақша сұрағандарын айтты, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
"Біз оқуға түскен кезде жемқорлық болды. Грантқа түсу үшін ақша сұрады. Грантқа түсу үшін 5 мың доллар сұрады-ау деймін. Мен әкесіз өскенмін. Анам, ағам және мен. Ағам екеуміз бір жылда түстік. Ағам 11 бітіріп түссе, мен 9 сыныпты бітіріп түстім. Анам абдырап қалды. Маған грантқа түсу маңызды болды. Грантқа ақша таба алмадым. Сондықтан ақылы топқа түстім. Гульвира ұстазым демеуші тауып беріп, 50 пайызын ғана төледім. Маған өте жеңіл өтті. Анам қатты қиналған жоқ. Ол кезде жауапкершілік басқалардан жүз есе қатты болды. Әрбір тиынның қадірін білдім", — деді актер Рауан Ахмедов.
Сондай-ақ ол қазір жүрегін жаулаған ару бар екендігімен бөлісті. Қарым-өатынастарына жарты жыл болған.