Ол өзінің "Сезімімді жерледім" атты алғашқы әнін көпшілікке тарту етті.
Ақтаулық блогер Салтанат әншілікке бет бұрды, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Ол өзінің "Сезімімді жерледім" атты алғашқы әнін көпшілікке тарту етті. Салтанаттың айтуынша, ән айту - оның бала күнгі арманы. Алайда блогер «ештен кеш жақсы» деп өз арманын орындауға бел буған. Әннің мағынасы махаббаттан жолы болмаған адамның толғауы көрінеді. Салтанаттың жеке өмірін оқырмандары осы әнмен байланыстыруда. Блогердің әншілікке бет бұрғанына түрлі пікір айтты.
Кейбірі "жарайсың, сәттілік", "күшті ән екен", "даусы күшті" десе, кейбірі "ән айтпай-ақ қойшы", "сенің блогер болғаның дұрыс" деп жазып жатыр.