Әр қадамым саған арналады.
Қазақстандық актриса, блогер Әсел Асқар дүниеден өткен ұлына арнап денесіне татуировка салдырды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Оның айтуынша бұл оның күйзелісі мен шексіз сағынышын білдіреді. Иығына салынған шексіздік пен жүрек — дүниеден өткен, періште болып қалған баласына арналған.
«Ұшып кетті деген сөз», — деді ол көзіне жас алып.
Ол аяғында орналасқан екінші татуировкасы туралы да айтты.
«Бұл қайда жүрсем де қасымда, әр қадамым саған арналады дегенді білдіреді», — деді Әсел.