"Әр жағдайды сынақ деп қабылдап үйреніп қалдым".
Белгілі актер Асқар Жұмабеков бастан кешірген тағы бір сынағын әлеуметтік желіде бөлісті,-деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Актердың айтуынша, осыдан екі ай бұрын, абақтыдан шыққан соң актер Ақтауда түсірілетін бір жобаға шақырған. Кездескенде басты кейіпкердің рольіне алуға да келіскен. 21-қаңтар күні түсірілімнің бірінші күні еді. Гонорарды келіскен соң, Асқар сол рольге сай шашы мен сақалын да алып тастаған. Алайда дәл ұшатын күні кастинг директоры оны түсірмейтіндіктеріп кесіп айтқан. Мән-жайды түсінбеген ол анықтай келе жоғарыдағылардың солай шешкендігін біледі. Бірақ нақты себебін айтпайды. Өнер иесі ойлана келе бұның абақтыға отырып шыққандығымен байланыстырады.
"Репутацияға қараймыз деген әңгімелерін айтты. Олар білді ғой менің сотталып шыққанымыды. Соны біліп тұрып мені алды. Оларға ақталып шықтым деген анықтамаеы да көрсеттім. Қазір ешқандай пробацияда емеспін. Қай қалаға ұшсам да рұқсатым бар. Жақсы, ма,ан айыппұл төлейсіңдер, гонорарымды салып жібересіңдер деп айттым. 2 сағаттың ішінде салып жіберді. Оларға шынымен жоғары жақ айтқан шығар. Бірақ менің көңіліме қатты тиген нәрсе енді осындай нәрсе жиі қайталана бере ме? Киноға шақырады, бірақ осылай тақалған кезде осындай хабар аламын ба? Бір апта ойланып жүрдім. Киноға деген құлшынысым мүлде қашып кетті. Бір апта бойы өасымдағы жандар сынбауымды айтты. Бұл нәрсе өзіме мотивация болды. Мен өзім жаңа жоба бастаймын", - деді ол.
Қазір Асқар Жұмабеков өзінің болашақтағы жобасына көп көңіл бөліп жүргендігін айтты. Айтуынша, басынан өткен жағдайды тек әріптестері ғана түсінеді.
"Басқа да жобам болды. Бірақ оған бармай, Ақтауға ұшамын деп екеуінен де айырылып қалдым. Ал мен киноға аш едім. Киноға түскім келіп жүрген. Сол нәрсе көңіліме қатты тиді. Мен бұл нәрседен сынып қалған жоқпын. Қазір таңдап-таңдап түсетін болдым", - деп өз ойымен бөлісті.