15.04.2025, 10:40

«Шешіне бастапты ғой»: Жұлдыз Әбдікәрімова кеудесі ашық суреттерін бөлісті (ФОТО)

Фото: жеке парақшасынан

Актриса фототүсірілім үшін қоңыр былғарыдан жасалған ашық көйлек киген.

Актриса Жұлдыз Әбдукәрімова бүгін, 14 сәуірде туған күнін тойлап жатыр. Ол өзінің жеке меншік мерекесінде ерекше образда фототүсірілім жасаған, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Актриса фототүсірілім үшін қоңыр былғарыдан жасалған ашық көйлек киген. Сонымен бірге оның мойнына таққан алқасы да ерекше көзге түскен.

Жұлдыздың образын кей оқырмандары жылы лебізбен қарсы алса, енді бірі жараспайтынын айтты. 

"Образ, мінез, даналық, ақылдылық - үйлесімділік", "Жұлдыз, қымбаттым, туған күніңмен, ең ақылды және табысты бол", "Әр түрлі бола аласың. Мықты, нәзік, әлсіз. Әр рөлінде өзіне сенімді", "Сұлулық, дарын, харизма. Сені бірегей ететін ерекше үйлесімділік. Бізді дарыныңмен қуантып жүре бер", "Шешіне бастапты ғой", "Жараспайды", "Макияжыңызды түсінбедім", - деп жазды олар.