Желідегі парақшасында мәлімдеме жасады.
Белгілі тележүргізуші, журналист Дина Төлепберген өзінің Instagram парақшасында ел күтпеген мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
"Мен 2029 жылы Қазақстан Президенттігіне үміткер боламын деп шештім. Бұл мен үшін емес. Бұл қазақ қыздары үшін", - деп жазды ол.
Желі қолданушылары түрлі пікір білдірді. Қолдай кеткендер көптеп табылды.
"Сәттілік", "Мақсатыңызға жетіңіз", "Президент болсаңыз, біраз қыз оңып қалады ау", - деп жазды оқырмандар.