15.04.2025, 13:00

«Әкімнен төрт бөлмелі пәтер сұрадым»: Дарико Хасанғалиева қызық оқиғасын бөлісті (ВИДЕО)

Фото: видеодан скрин

Дарико Хасанғалиеваның айтуынша, сол кезде өмірінде бірінші рет күйеуінің алдына түскен. 

Ескендір Хасанғалиевтің жары Дарико Хасанғалиева өзінің сұхбатында әкімнен пәтер сұраған кезін есіне алды, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Дарико Хасанғалиеваның айтуынша, сол кезде өмірінде бірінші рет күйеуінің алдына түскен. 

"Аға, Біржан баламыз бар, Ескендір ән жазады. Тұрып жатқан пәтеріміз кішірек болып жүр, - дедім. Сол кезде Ескендір ағаларыңыз екі бөлмелі пәтер жарайды дейді. Аяғынан түртіп қалдым, өмірімде бірінші рет. Жоқ, аға, бізге екі емес, төрт бөлмелі пәтер керек деп, әдемілеп жеткіздім. Сол кезде Дарико жарады деп айтқан еді", - деді Ескендір Хасанғалиевтің жары өз сұхбатында. 

Айта кетейік, әнші Ескендір Хасанғалиев 2021 жылы дүниеден өтті.