$ 521.9  593.5  6.39

«Адам сенгісіз»: Қазақ қыздарының биі Джей Лоның назарына ілікті (ВИДЕО)

Бұл әсерлі жазбаны жұлдыздың өзі көргені сөзсіз. 

Фото: instagram.com/jlo
Фото: instagram.com/jlo

Қазақ жанкүйерлерінің Дженнифер Лопестің әйгілі саундтрегіне билеген биі жұлдыздың назарын аудартпай қоймады. Әншінің Instagram Stories желісінде қазақстандықтардың жүрегін әп-сәтте жаулап алған күтпеген видеосы жарқ ете қалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Биыл жазда елордада концерт беретін әнші «Бәйтерек» монументі фонында түсірілген роликті өз парақшасында жариялады.

Видеода Астананың бір топ жасы Джей Лоның хит әндерінің біріне билеп жатқанын көруге болады. Бишілер бейнежазбаға «Джей Ло, Астана сені күтеді!» — деп жазса керек. Бұл әсерлі жазбаны жұлдыздың өзі көргені сөзсіз.  

55 жасар әнші репостты #JLoLiveIn2025 хэштегімен сүйемелдеп, Қазнетте шынайы эмоциялар тудырды. Қолданушылар бірден Stories скриншоттарымен бөлісіп, Дженнифер Лопестің Қазақстандағы жанкүйерлеріне көңіл бөлгеніне қуанғандарын жасыра алмады.

«Адам сенгісіз. Джей Ло біздің Бәйтеректі де, қыздарымызды да көрді!» — деп жазады қазақ жанкүйерлері.

Джей Ло

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 5
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары