16.04.2025, 00:30

«Сенің байлығың - отбасың»: Қайрат Нұртасқа оқырмандары ақыл айтты

Фото: әлеуметтік желі

Отбасыңның қадірін түсін, олар керемет жандар.

Әйелі Жұлдыз Әбдікәрімованы туған күнімен құттықтаған әнші Қайрат Нұртасқа жұрт ақылын жарыса жазды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жұлдыз Әбдікәрімова 37 жасқа толған еді. Әйелін туған күнімен желідегі парақшасында бір күн кешігіп құттықтаған Қайрат Нұртас елдің сынына ұшырады. Сонымен қатар, көпшілік әншіге отбасын құндылығы туралы ақыл айтты. 

«Жұлдызды бағаламай жүрсің. Отбасыңның қадірін түсін, олар керемет жандар», «Қайрат, отбасыңды бағала. Сенің байлығың – отбасың», «Ана деген атқа лайықты жарыңызды бағалаңыз, Қайрат, өмір бойы бақытты болыңыз, Жұлдыз ханым біреу ғана бұл ғаламда», - деп жазды Қайраттыың оқырмандары.