16.04.2025, 11:20

«Күнде гүл алмасақ та, тәуір өмір сүріп жүрміз»: Жазира Байырбекова қазіргі психологтарды сынға алды

Фото: желіден алынды

Ол жары Жанболатпен бірге түскен видеоны жүктеп, астына жазба қалдырды.

Танымал әнші Жазира Байырбекова ғашықтар күніне орай Instagram парақшасында психологтар жайлы өз пікірімен бөлісті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ол жары Жанболатпен бірге түскен видеоны жүктеп, астына жазба қалдырды.

"Күнде гүл сыйламаса да, көліктің есігін ашып бермесе де, тамағымды ішкен сайын рахмет айтпаса да нормально өмір сүріп жатырмыз. Қазіргі психологтардың айтқанын тыңдасақ тым дұрыс өмір сүрмей жүр екенбіз. Шли үйтіп нетпей-ақ, жәй әшейін өмір сүріп жүре берейіеші. Жұлдызай айтқандай", - деді әнші.

Желі қолданушылары да бұл пікірді жақтай кетті.

"Өте орынды айтқан", "Соны айтамын. Оларды тыңдасаң әлемдегі ең бақытсыз жан екенбіз ау деп қаласың", "Психологтарды тыңдасаң ажырасасың", - деп жазды.