Видео аз уақыттығын ішінде өте көп қаралым жинап үлгерді.
Белгілі блогер Жансерік Қадырбаев пен әнші Әміре өзінің оқырманының тойына тосыннан келіп қуантты, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Жансерік Қадырбаев өзінің Instagram парақшасына бұл туралы видео жүктеген. Оқырманы біраз уақыт бұрын блогердің жекесіне өзінің үйлену тойына шақырып, хат жолдаған. Алайда еш күдік тудырмас үшін бойжеткеннің хатын жауапсыз қалдырған. Шок контентті жасау үшін Қадырбаев досы Әмірені шақырып, Алматы облысы, Жаркент қаласына аттанған.
"Ең бастысы эмоция ғой. Жас жұбайлардың мәңгі есінде қалатын тарих жасағымыз келді. Бізге де жұғысты болсын. Қатты толқып тұрмын", - деді блогер.
Алдын-ала асабамен келіскен олар жас жұбайлардың тойына тосыннан кіріп келді. Бұл сәтте қос ғашық та таңданыстарын жасыра алмады. Әміре осылайша өзінің хит әндерін той иелеріне тегін тарту етті. Той соңында алғыстарын білдіріп, өз пікірлерімен бөлісті.
"Әлі де қобалжып тұрмын. Кіріп келгендегі эмоцияны сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Тойдың алдында ғана тойға танымал жұлдыз келсе ше деп айтып едім. Бір Алланың қалауымен қабыл болып кетті. Сіздерге көп рақмет", - деді олар.