16.04.2025, 14:00

«Ақша табу тек ер адамның мойнында болмауы керек»: Мөлдір Анарбаева қазақ әйелдеріне үндеу жасады (ВИДЕО)

Фото: жеке парақшасынан алынды

Блогер өз ойын желідегі парақшасында білдірді.

Танымал блогер, журналист Мөлдір Анарбаева "тек күйеуім асырасын" дейтін қазақтың қыз-келіншектерін қатаң сынға алды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Блогер өз ойын желідегі парақшасында білдірді.

“Тек күйеуім ақша тапсын” дейтін әйелдерге айтарым — отбасы деген ортақ жауапкершілік. Ақша табу тек ер адамның мойнында болмауы керек, егер екеуі де қабілетті, дені сау, мүмкіндігі бар болса — неге бірге еңбек етпеске? Бірге табыс табу, бірге өсіп, бірге жетістікке жету — сол кезде ғана шынайы серіктестік пен сыйластық болады. Әр адамның, соның ішінде әйелдердің де, өз қабілетін жүзеге асыруға толық құқығы бар. Әйелдердің түрлі салада табысты еңбек етіп жүргені – қоғамның даму көрсеткіші. Өмір — бір рет берілетін мүмкіндік. Уақытыңды босқа өткізу — өзіңе қиянат жасау. Әрекетсіздік армандардан алыстатады, ал кішкентай қадамдар үлкен нәтижеге апарады. Әйел азса — қоғам азады, әйел — отбасының, ошақ қасының ұйытқысы, ұрпақ тәрбиесінің тірегі. Әйел адам тек жеке тұлға ретінде емес, бүкіл қоғамның рухани, мәдени, адамгершілік құндылықтарының сақтаушысы. Егер әйелдер өз құндылықтарын жоғалтса, ұрпақ дұрыс тәрбие көрмейді, отбасының іргесі сөгіледі", — деп жазды ол.