Ақша көрмей өсті дейсің бе?!
Танымал әнші Мақпал Жүнісова оқырмандарымен сырласып, жеке өмірінен сыр шертті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Өнер иесінің оқырманы: “Мақпал мен Сембек жарасып тұр. Өзінен 20 жас үлкен адамға неге шықты екен?! Ақша мен атақтың буы шығар?! Жастық шағы өтіп, жалғыз қалу өте қиын. Мақпал, неге өзің сүйіп қосылмадың?”, – деп сұрады.
Халық әртісі де тыңдарман сұрағын жауапсыз қалдырмады.
“Ақша көрмей өсті дейсің бе?! Бала кезімнен молшылық пен баршылықты көріп өстім. Барлық қарттан ең көп бата алған баламын. Қарным тоқ, көйлегім көк болды. Қайда барсам да, ән айтып, қошеметке бөлендім”, – деп жазды әнші.
Одан кейін марқұм саясаткер Заманбек Нұрқаділовті де еске алып, бай отбасынан шықпағанын айтты.
“Мен қызығып, тиіп алатындай Зәкең бай болған жоқ. Әкесі де дәулетті болмаған. Жалпы, ол әулет байдың тұқымынан емес. Бос әңгімені қайтесіңдер. Бақыттың бәрі ақшада емес”, – деді халық әртісі.