$ 521.9  593.5  6.39

«Маған әйел, саған күйеу табылар»: Ажырасу туралы айтқан Ғаділбек Жанайдың басы дауға қалды (ВИДЕО)

Ешқашан ажыраспаймыз. 

Фото: caravan
Фото: caravan

Танымал әнші Ғаділбек Жанай ажырасу туралы айтты. Өнер иесі ажырасу тақырыбында жаңа ән шығармақ, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Instagram желісіндегі парақшасында әнші әйелімен түскен видеосын жариялап, ешқашан ажыраспайтынын жазған. 

«Ешқашан ажыраспаймыз. Әннің ішіне Бейсен Құранбек ағаның жанұя қағидасын қостық! Алла панасына алсын!», — деп жазды ол.

Әннің ішінде Бейсен Құранбектің «Ешқашан ажыраспаймыз. Маған әйел, саған күйеу табылар. Ал балаларға бөтен біреу әке-шеше бола алмайды», — деген сөзі бар. 

Әншінің оқырмандары оның бұл сөзін қатаң сынап, ешқашан деген сөзді айтпауға кеңес беруде. 

«Адам ажырасам деп үйленбейді, бұлай айтудың керегі жоқ», «Өмірде ойынға берілген, араққа салынған адамдар да болады. Сонда еріксіз ажырасасың», «Алдыңда не тұрғанын білмейсің, сондықтан бұлай айтпа», — деп жазды олар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары