Бұл ән 2020 жылы шыққанымен, күтпеген жерден екінші тынысы ашылды.
Рахымжан Жақайымның орындауындағы «Сен маған массың» әні Азия елдерінде кеңінен таралып, ерекше назар аударып жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бұл ән 2020 жылы шыққанымен, күтпеген жерден екінші тынысы ашылды. Қытай, Вьетнам және басқа да азиялық елдерден блогерлер мен желі қолданушылары бұл әнге билеп, миллиондаған қаралым жинайтын видеолар жариялауда.
Ал Рахымжан Жақайымның YouTube арнасындағы әннің бейнебаяны 30 миллион қаралымнан асты. Сондай-ақ «Сен маған массың» әні Douyin, TikTok, YouTube Shorts сияқты танымал платформаларда кеңінен таралып, оның үзінділері жүздеген мың видеоларда қолданылған.