19.04.2025, 02:30

«Мен Вилла күтемін»: Ерке Есмахан Раймның туған күнін жаңа үйінде қарсы алды

Фото: жеке парақшасынан алынды

"Бұл үйде тұрмаймыз".

Белгілі әнші Ерке Есмахан жары Раймды туған күнімен қарсы алды. Сондай-ақ күйеуінің жаңа жасын отбасымен жаңа үйде қарсы алғанын айтты, Skifnews.kz ақпарат порталы.

"Туған күн, жаңа қоныспен құттықтап жатқан тілекші жандарға мың алғыс. Айтқандарыңыз келсін. Жақсы сөздеріңіз өздеріңізге еселеп қайтсын. Бұл үйде тұрмаймыз, күйеуім ұлдарыма өскенде деп алып қойып жатыр. Алла сол күнге жеткізсін. Ал мен вилланы күтемін. Ештеңеге асығыс жоқ. Шүкір", - деп жазды әнші