Балам мен үшін жылайтын болса, сол жерде өзімді атып тастауға бармын.
Желіде Тоқтар Серіковтің екінші әйел алуға қатысты айтқан сөзі тарады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Әншінің айтуынша, екінші әйел алуына баласына деген махаббат кедергі.
"Екінші әйеліммен ұйықтап жатқанда аяқастынан бірінші үйімдегі балама ауаудай қажет болып, балам тұрып мені іздеді сонда мен қасынан табыла алмай қалдым. Қандай сорлылық? Мен ол баланың әкесімін бе, оның қасында міндетті түрде ұйықтауым керек. Бөтен жерде жатпауым керек. Мені таңертең балам иіскеп шығарып салады. Ал мен үйге қайтып келгенде басқа әйелдің иісімен келетін болсам, не деген сорлы әке боламын? Әйелімнің көңіліне келмесін. Бірақ мен баламды әйелімнен жоғары қоямын. Балам менің бойымнан жаман қасиет көретін болса, мен тірі өлікпін. Балам мен үшін жылайтын болса, сол жерде өзімді атып тастауға бармын", - деді ол.