Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.
Қайрат Нұртастың жары, актриса Жұлдыз Әбдікәрімова өзінің әлеуметтік желіден үзіліс алу себебімен бөлісті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бұл туралы ол өзінің Insyagram парақшасында жариялады.
"Жаңа жаста орасан зор трансформациядан өтудемін.Себебі, өмірімде де, санамда да, өзімде де әжептеуір өзгерістер бар. Қысқасы, "жаңғыру" бағдарламасы іске асуда. Әлеуметтік желінің қызығы кетті ме, жоқ әлде мен сәл кідірдім бе? Әйтеуір бір үзіліс керек болды. Енді мендегі контентте жаңарып, өзгеру керек сияқты, иә?", деп жазды ол.
Айта кетейік, актриса жақында ғана өзінің туған күнін тойлап, 37 жасқа толған болатын.