Уайымдама! Уақыт кімнің кім екенін көрсетеді.
Белгілі композитор Ұлықпан Жолдасовтың жары Айған Жолдасова әлеуметтік желідегі жазбасынан кейін жұрттың сынына ұшырады. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы Stan.kz-ке сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Арт-директор ретінде танымал Айған Жолдасова қоғамда қызу талқыланып жатқан журналист Асхат Садырбайдың отбасына қатысты өз пікірін білдірген еді.
“Отбасымызбен сені жақсы танимыз. Болат ұлымызға қол ұшын бергеніңді ұмытпаймыз. Әке-шешеңді қатты құрметтейміз. Ал қарындасың Бақытжамал – көп жылдан бері біз үшін қызымыздай болып кеткен жан. Кәсіби және адами тұрғыдан өте тамаша адам. Еш уайымдама, жан-жағыңдағы достарың сенің қандай адам екеніңді жақсы біледі. Бәрі жақсы болады. Өз басым сені қатты қадірлеймін. Әрқашан ақыл-кеңесіңді айтып, жол көрсетіп келесің. Достығымызға ешкім кедергі бола алмайды. Біз сіздерді құрметтейміз. Уайымдама! Уақыт кімнің кім екенін көрсетеді. Алла жар болсын!” – деп жазды ол.
Алайда әлеуметтік желі қолданушылары бұл пікірге әртүрлі көзқарас танытып, сазгердің жұбайын сынға алды.
“Жақсылық жасады екен деп, мақтап отыру керек пе?”, “Ерке де, Айғаным да – сіздің қызыңыз емес пе?”, “Өзіңізге жақсылық жасаса болды, қалғандарына не істесе де болады ма?” – деген сыни пікірлер жазылды.