22.04.2025, 12:00

Баян Мақсатқызы жас қыздарды жолда қалдырды

Фото: instagram.com/bayanmaxatkyzy

Бейнежазбада Баян Мақсатқызы би билеп, өзінің позитивті көңіл-күйін көрсетеді.

Танымал продюсер Баян Мақсатқызының билеген видеосы TikTok-ты жарды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы.

Желіден жарияланған видеодан Баян Мақсатқызының Аша Матай және Жарқынаймен билеп жатқанын байқауға болады. Желі қолданушылары арасында бұл бейнежазбаға қатысты түрлі пікірлер айтылып жатыр — біреулер продюсердің көп жас қызды жолда қалдыратынын айтып жатса, енді бірі бұл әрекетті сынға алып жатыр.

Бейнежазбада Баян Мақсатқызы би билеп, өзінің позитивті көңіл-күйін көрсетеді. Желі қолданушыларының кейбірі оның жасына қарамай, би билеп, өмірге деген белсенді көзқарасын көрсетуін үлгі етіп отыр.