Айтуынша, аталған жәдігер бүгінде Санкт-Петербург қаласындағы "Кунсткамера" музейінде сәукеле сақтаулы тұр.
Белгілі өнер қайраткері Айгүл Елшібаева халқымыздың құнды жәдігері саналатын бағалы сәукеле туралы айтты. Ол бүгінде Ресейдің Санкт-Петербург қаласында сақтаулы тұрған сәукелеге қатысты қызықты деректерді бөлісті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
"Бұл сәукеленің бағасы 100-аттың құнымен тең. Қазіргі бағамен шамамен 50 миллион теңге тұрады. Қазақтың байлары дәулетін білдіру үшін қыздарын ұзатқанда арнайы зергерлерге соқтырып, алтын, асыл тастармен көмкеріп жасаған. Бұл сәукелені сыйға тартқан Лайықжан Дербісәліұлы Беркімбаев. Ақтөбе уезінен шыққан Кердері Әбубәкірдің жырларындағы арнауы бар "Жағалбайлы жиналса, Дербісәліні мақтайды", - деп келетін өлең жолдарындағы Жағалбайлы руынан шыққан бай Дербісәлі байдың баласы Лайықжан тапсырған", - деп жазды ол.
Айтуынша, аталған жәдігер бүгінде Санкт-Петербург қаласындағы "Кунсткамера" музейінде сәукеле сақтаулы тұр.