25.04.2025, 13:20

«Ағамның миында шектеу жоқ»: Төреғали Төреәлінің қарындасы бала күнгі естеліктерімен бөлісті

Коллаж: Sn.kz

"Өзі ғана армандап қоймай, бізге де үйреткен екен".

Түркияның Стамбул қаласында демалып жүрген блогер Фариза Төреәлі ағасы Төреғали Төреәлінің бала күнгі армандары туралы айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы.

Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында айтты.

Оның айтуынша, Төреғали Төреәлінің “миында шектеу” болмаған.

“Бала күнімдегі бір сәт есіме түсіп кетті. Ағам, мен, сіңілім үшеуміз армандауды, болашақ жайлы елестетуді бір жақсы көретін едік. Әсіресе ағам. Шамамен менің жеті жасым.. әлі есімде екен. Байқоңырда тұрамыз. Шәй үстінде әңгіме-дүкен құрып, жақсы әңгімелер көп болатын. Сонда ағам бір сөзінде «Алла қаласа үлкен қалаға көшеміз, сондай күнге жетеміз, бәріміз таңертең тұрып «кеттік таңғы асты Парижде ішейік, кешкі асты тағы бір елде» деп кетіп қала салатын сәттер болса иә» дегені бар. Бірақ ол кездері ондай мүмкіндіктер жоқ еді. Кішкентай мен үшін - қатты есімде қалған сәт екен, тіпті елестетіп миыма сіңіріп алдым. Қазір ойлап отырсам.. ағамның миында бала күнінен «шектеу» жоқ. Өзі ғана армандап қоймай, бізге де үйреткен екен. «Мүмкін емес» дегенді ойламапты, ерік беріпті, ойына, армардарына, қиялына.. Сонда кішкентай Фариза әлгі өмірді елестетіп бастап - миына жаңа нейрондарды енгізе бастаған екен. Мен сендім, дәл біз армандап отырған өмір мүмкін екендігіне. Адамға нық сенім өте керек”, - деп жазды ол.

Блогер қазір өзі де бір кездері арман болған өмірін сүріп жатқанын да жасырмады.

“Алла "адам өзі өзгермейінше жағдайын өзгертпеймін" деді құранда. Сол өзгеріс - қарапайым мидан, ойлауымыздан басталады емес пе?! Сөзімізді, ойымызды дұрыстап бастамай, ештеңе де өзгермейді. Қарапайым болса да, заңдылық сол. Ал қазір, қарап отырсам, Аллаһым армандаған өмірді Өзі беріп қойыпты. Алла ойға салса - демек бергісі келеді. Ал сен бәлкім, қабылдауға дайын емессің. Өзімізден бұрын, Раббымызды шектемейікші. Әлемнің ғажайыптарын - біздер үшін жаратты ғой”, - деп жазды ол.