Көп ұзамай әндегі бір сөз желі қолданушылары арасында қызу пікірталас тудырған.
Отандық әнші Әйгерім Қалаубаева қазақта жоқ сөзді қолданып, ән шырқады деп сынаған тыңдаушыларға жауап беріп, желі парақшасында жазба жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Әйгерім Қалаубаева тыңдарман қауымға жақында жаңа әнін ұсынған болатын. Көп ұзамай әндегі бір сөз желі қолданушылары арасында қызу пікірталас тудырған. Әнші пікірталасқа нүкте қойып, тыңдармандарына өз Instagram парақшасында жауап қатты.
"Кішірмей" деген сөз бар болып шықты. “Несі бар?!” әнімнің “махаббат алдында кішірмей” дегендегі жерінде: “кішірмей” деген сөз жоқ, болмаған, болмайды!”, - деп біраз тыңдарман пікір таластырыпты… Бірақ… Фариза апамыз әлдеқашан жазып кеткен: “Сүйгеніме кішірмей, сүйреледім өзімді…”. Іздеп көрсек, басқа да талай ақынның жырында бар бұл сөз.
Қазақта жоқ сөз емес. Махаббат алдында “кішірмей” тұру – нағыз поэзия! Еріп кетпей, кішірмей тұру… Мен де әнімде осы сөзді қолдандым. Қолдансам, несі бар?!️ Қайырлы таң, жақсыларым!", - деп жазды әнші желі парақшасында.