$ 515.03  584.82  6.24

«Бәрі бітсе екен»: Айнұр Тұрсынбаева үреймен өмір сүріп жатқанын айтты (ВИДЕО)

Қазіргі таңда өнер иесі Ыстамбұл қаласында тұрып жатыр.

Фото: жеке парақшасынан
Фото: жеке парақшасынан

Айтыскер ақын әрі психолог-коуч Айнұр Тұрсынбаева әлеуметтік желіде Ыстамбұлда орын алған 6,2 магнитудалы жер сілкінісінің видеосын жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қазіргі таңда өнер иесі Ыстамбұл қаласында тұрып жатыр. Ол зілзаланың болған сәтін былай деп сипаттады:

“Дүкенде жүр едік. Іші шайқалып кетті. Бәріміз далаға атып шықтық. Алла сақтасын! Ыстамбұлды бір жер сілкінісі болады деген. Осымен бәрі бітсе екен. Бәрі бала-шағамен далада, босып жүр. Қайбір жылы 50 мың адамның өмірін қиған жер сілкінісі болып еді. Қаншама халық қырылып қалды. Адамдар паника болып жатыр. Халық қатты қорқып қалған”, – деді психолог-коуч.

Еске салсақ, Түркияда болған бұл жер сілкінісінен 236 адам зардап шекті. Зілзала кезінде дүрбелеңге түскен көптеген адам биіктен секіріп жарақат алған. Қазіргі уақытта олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ, барлығына медициналық көмек көрсетілді. Денсаулық сақтау министрлігі құрбандар туралы нақты ақпаратты әзірге жарияламады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 4
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары