28.04.2025, 18:20

«Ұлым телефон емес, домбыра ұстайды»: Мирас пен Құралай бала тәрбиесі туралы айтты

Фото: видеодан скриншот

"Қолына үлкен қаражат бермейміз".

Өнерлі жұп Мирас пен Құралай журналист Әйгерім Сейфоллаға берген сұхбаттарында ұл тәрбиесі туралы айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

"Қолына үлкен қаражат бермейміз. Ақылы мектепке барады. Онда барлығы дайын. Тамақты да өздері береді. Қазір телефон бүкіл әлемнің проблемасы. Телефонын тартып алып домбыра ұстатқызып қоямын. Үйге кіріп келген кезде домбыраны даңғырлатып отырады", деді жұлдызды жұп. 

Желі қолданушылары олардың бұл әдісін қолдап "керемет", "тамаша, өте дұрыс" деп жазды.