$ 512.32  582.92  6.29

«Өзімді ұстай алмай қалдым»: Қайрат Нұртастың алдында билеген қыз елдің ашуын тудырды (ВИДЕО)

Бойжеткеннің киімі мен әрекетін ерсі деп бағалаған.

Коллаж: Sn.kz
Коллаж: Sn.kz

Желіде танымал әнші Қайрат Нұртастың алдында билеп жатқан жанкүйер қыздың видеосы тарады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Өнер иесі тойлардың бірінде өнер көрсетіп жатқанда Жади Курегенова есімді арудың Қайраттың алдына келіп билегенін көруге болады. Бойжеткеннің ерсі киімі мен әрекеті желі қолданушыларының ашуын туғызды. 

"Әйелі бар ғой, не болды алдында айналшықтап", "Ерсі екен", "Әдемі болып тұрмын деп ойлап тұр ғой, жиіркенішті", "Аллам сана берсін", "Ұят, намыс қайда", "Ұлтымызға мүлде жараспайтын қылық", - деп жазды олар.

Айта кетейік, бойжеткен өзінің би тобы бар кәсіби биші болып шықты. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары