Жүрегім дүрсілдеп кетті.
Танымал әнші Меруер Түсіпбаева Алматы облысындағы оқушылар арасындағы әлім-жетіктік видеосына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
"Жүрегім дүрсілдеп кетті...49 мектеп , Іле ауданы. Мектеп директорын жұмыстан шығарып , жауапқа тарту керек. Бұдан да сорақы видеолар бар", - деді әнші.
Айта кетейік, Алматы облысы Іле ауданы Қараой ауылының мектебінде 9-сынып оқушысы оншақты баланы тізіп қойып, аяусыз ұрып-соққан.