Айтыстан 33 көлігім бар.
Танымал айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева су жаңа көлікті тізгіндеп, оқырмандарына мақтанды. Айнұр Тұрсынбаева көпшілікке тегін алған 35-ші көлігін көрсетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
«Мынау менің тегін, былайша айтқанда сыйлыққа алып тұрған, айтыстан 33 көлігім бар, 35-ші көлігім екен. Осы 35-ші көлігімді өзімнің туған сіңілім Арайлымға сыйлаймын», — деп айтты ақын.
Айта кетерлігі, Айнұр Тұрсынбаеваға отыз бесінші көлікті өзінің бауырлары туған күніне сыйлаған.
Айтыскер ақын туған күнімен құттықтап, осындай сыйлық ұйымдастырған жақындары мен барша қауымға алғыс айтты.
«Барлық көрген жақсылығыма шүкір еттім. Осындай көлікті 500 адамға мінгіземіз ин ша Алла!
@saad_company_kz арқылы қазақ халқына адал қызмет етуді нәсіп етсін Аллам. 50 мың адамға жұмыс беріп, 5000 мың қазақты миллионер қылғанша жүгіремін енді… Мен үшін ең үлкен сыйлық-ДҰҒА! Кіші сіңлім көп адам біле бермейді. Инстада көп көрінбейді, жұрттың алдына шыққысы келмейтін алтыным…
Ризамын тағдырыма… Ата-анама, бауырларыма, асыл жарыма, балаларыма, туыстарыма, оқырмандарыма, халқыма алғыстан басқа айтарым жоқ…», — деп жазды ол.