$ 516.16  584.86  6.25

«Жалмауыз, Мыстан, Кобра»: Балғынбек Имашев Айнұр Тұрсынбаева туралы айтты

Ол әлеуметтік желідегі парақшасында әзіл-шыны аралас жазба жариялады.

Коллаж: Sn.kz
Коллаж: Sn.kz

Ақын Балғынбек Имашев Айнұр Тұрсынбаеваны туған күнімен құттықтады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ол әлеуметтік желідегі парақшасында әзіл-шыны аралас жазба жариялап, Айнұр Тұрсынбаеваға ізгі тілегін арнады.

“Майдың бірі — Айдың Нұры! Мен үшін мамырдың бірі Бірліктің, Халықтар достығының, Ынтымақ т.б. мереке емес! Бұл күн — 35 жылдық қарсыласым, Жалмауыз, Мыстан, Кобра, Анаконда, Шаян, Бүйі, Жезтырнақ, Коуч, Мотиватор, Псих(олог) тағы қандай өнері бар еді, қысқасы, Айнұр досымның туған күні!
Әкесі алапат өнер иесі, Анасы ғаламат мейірім иесі, сіңлісі керемет қабілетті, бауырлары керемет әділетті, қызы қылықты, ұлы білікті, обшым, керемет отбасыдан осындай да “нашар”адам шығады екен-ау. Айнұр туралы мақтасам да, даттасам да одан артық дос таппасымды білемін! Хадисте әйелге төрт нәрсесіне қарап үйленуге болады дейді ғой: Тегіне, сұлулығына, байлығына және иманына. Туған күнінде шіли жамандай бермей, сол төрт критерий бойынша досым туралы шындықты айтайын. Тегіне келсек мін жоқ. Найманның қызы, оның ішінде Қаракерей, оның ішінде Мұрын (әрі қарай Кеңсірік, Мұрынбоқ деп тереңдемей-ақ қояйын) болып кете береді. Ақынмын деп жүргендердің көбі Найманның қыздарының шаңына да ілесе алмайды. Сөз жоқ оны мойындау керек!Сұлулығына келсек, “Атты шал қайырылып үш қарардай” деп Мұхамеджан оның қыз кезін сипаттаған. Кемпір болғанда да жаяу жүрген жастар өңі мен автосалонына бола емес, желі мен чатқа саларына бола да лайк басардай көркі бар. Ал макияж-сакияж, ботекс-мотекс дегенді мен түсінбеймін. Короче, әр еркектің өз уайымы болады, әр Еркенің өз Райымы болады. Байлығына келсек, бұйыртса, 50 мың адамға айлық берем деп отырған Отандық компанияның құрылтайшысы! Бұл, гауһар тасты алтын-күміс шығаратын зергерлік зауыт, көлік пен баспаналары, емдік клиникалары мен тікелей эфирде миллиард жинап тастайтын мимикаларын айтпағанда! Иманына келсек, әлхәмдулилләһ, Раббысын таниды, ораза-намазы түгел, садақа-зекеті мол, қажылығын өтеген, орамалда! Алланың алдында біз ойлағаннан да жақсы болсын! Біз білмейтін кемшіліктерін Алла өзі кешірсін! Қорыта айтқанда: Аузында афермация, миында мотивация, тілінде терапия, түрінде анемия, үрейі пандемия, үміті индустрия, бойында сақалға аллергия ойында айтысқа ностольгия!”, — деп жазды ол.

Желі қолданушылары қос ақынның достығына риза болуда.

”Керемет құттықтау, достықтарыңыз мәңгі болсын”, “Шіркін, қазақтың сөзінде шек жоқ қой. Не деген сөз саптау”, “Ғажап тілек, Айнұр әпке, досыңыз мықты екен”, — деп жазды олар.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 98
Ұнамайды 27
Күлкілі 24
Ашулы 8

Серіктес жаңалықтары