Атақты актер Алматы мен Астананы ерекше жақсы көретінін, алдағы уақытта Алматыдан баспана алуға ниетті екенін де жеткізді.
Әйгілі түрік актері Бурак Өзчивит қазақ киносына түсуге қызығушылық танытты. Бұл туралы ол Алматыға сапары барысында журналистерге берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Атақты актер Алматы мен Астананы ерекше жақсы көретінін, алдағы уақытта Алматыдан баспана алуға ниетті екенін де жеткізді.
«Мүмкіндік болса, тарихи киноға түскім келеді. Рөлді ойнау бар да, рөлді махаббатпен ойнау және бар. Мен атажұртпен түсіретін фильмдегі рөлді махаббатпен ойнар едім», — деді актер.
Ол балаларының Қазақстанда өсіп-өнгенін қалайтынын жеткізді. Айтуынша, балаларының өскенін күтіп жүр.
«Болашақта балаларымды Алматыға алып келемін. Маған Қазақстан ұнайды. Балаларым қазір кішкентай, мен олардың шетсіз-шексіз атажұртта өскенін қалар едім», — деді актер.