Суреттерін Назар салды.
Блогер, актриса Айжұлдыз Адайбекова үйлену тойында ерекше той көйлегін киіп, жұртты елең еткізген еді. Өнер иесі неліктен мұндай көйлек кигенін түсіндірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
"Үстіміздегі киімнің суреттерін Назар салды. Идеяны Анджелина Джолидан алдым. Анджелинаның 6 баласы той көйлегіне өз суреттерін салған. Тойымызға арнайы уақыт бөліп келген әрқайсыңызға алғыс айтамын", - деп жазды Айжұлдыз Адайбекова.
Айта кетейік блогер Сәкен Қағаров пен Айжұлдыз Адайбекова үйлену тойын жасады. Екі жас атаулы күнінде ерекше киім үлгісін киіп, жұртты елең еткізген болатын. Желі қолданушыларының басым бөлігі түрлі пікір жазып, пікірталас тудырған болатын.