1 жастағы ұлдың әкесі Қуаныш Шынтеміров танымал актерға алғысын айтты.
Түркияның атақты актеры Бурак Өзчивит Алматыға келген сапарында қазақ баласының тұсауын кесті. 1 жастағы ұлдың әкесі Қуаныш Шынтеміров танымал актерға алғысын айтып, қазақтың дәстүрімен сый—құрмет көрсетті,деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
«Біз баламыздың тұсауын осы танымал актер, әлемдік деңгейідегі жұлдыз Бурак Өзчивитке кестіргенімізге қуаныштымыз. Біздің туыстарымыз, ата-анамыз оның өнерін жақсы көреді. Біздің баламызға да оның бойынан жауапкершілік, талант пен өнерлі болу дарысын деп тілейміз. Осылайша, оның жеңісті табысын ырымдап тұсауын кестірдік». – деді баланың әкесі.