Әннің аты "Компьютер".
Әнші, "Жігіттер" тобының мүшесі Ердос Қанаевтың осыдан бірнеше жыл бұрын шығарылған бейнебаяны желіде таралды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Әннің аты "Компьютер". "Менің компьютерім бар", "Ноутбугым да бар" деп компьютерлік клубта түсірілген бейнебаян желі қолданушыларын күлкіге қарық қылды.
"Компютер қатты ойнағансыз-ау деймін кезінде", "Сөзін жазған адамды көрсетіңдерші", "Менің мамандығым деген байқауға шығарылған ән бе", "Мынадай да әніңіз бар ма еді", - деп жазды.
Бұл әнге әншінің өзі пікір білдірді.
"Шынымды айтайын, бірақ өзім түсінбедім қай жері хит боп жатқанын. Обшым жастық шақ қой", - деді ол.