$ 516.01  582.47  6.26

«Әлі күтіп жүрмін»: Жахан Отарғалиевтің әйелі ренішін білдірді (ВИДЕО)

Блогердің әйелі күйеуінің реніш тудырған сәттерін жайып салды. 

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Танымал актер Жахан Отарғалиев жұбайынан өзіне қандай реніші барын сұрап, күтпеген жауап алды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Блогердің әйелі күйеуінің реніш тудырған сәттерін жайып салды. 

"Бірінші кездескен түскі асқа бардық. Сол күні күшті десерт жегіземін дедің. Соны жесең тілі ауызыңнаң кетпейді дегенсің. Бірақ алып берген жоқсың. Соны әлі күнге дейін күтіп жүрмін. Ал тағы бірде "Сені Көлсайға апарамын" дегенсің. Дәл сол кезде демалысқа барғым келіп жүрген. Мен келісе кеттім. Бірақ оны да ұмытып кеттің", – деді актердің жұбайы.

Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, актерге уәдені орындауды талап етіп жатыр. 

“Жахан өтірік күліп отырған сияқты”, “Енді айтылған нәрсе орындалуы керек”, “Сенің өтірік күлгеніңнен жүйкем жұқарып кетті", "Ыржақ-ыржақ не енді осы? Бей берекет!", "Менің де ренішім бар, кімге айтсам екен", – деп жазды желідегілер.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 2
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары