08.05.2025, 11:15

Димаш Құдайберген фанаттарына үлкен сыйлық уәде етті (ВИДЕО)

Фото: әлеуметтік желі

Челлендж 8 мамырда басталып, 25 мамырға дейін жалғасады.

Өзінің Instagram парақшасында әнші 15 мамыр күні сағат 20:00-де Астана уақытымен оның YouTube арнасында «Тау ішінде» әніне түсірілген бейнебаянының премьерасы өтетінін хабарлады. Осы оқиғаға орай #TauIshindeChallenge челленджі басталады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы.

Шарттары қарапайым:

• Видео ұзақтығы 30 секундқа дейін

• TikTok немесе Instagram-да жариялау

• Міндетті хэштег: #TauIshindeChallenge

Ең креативті әрі танымал видеоны жасаған қатысушы үлкен сыйлыққа ие болады — Димаштың Барселона, Берлин, Лондон немесе Ригадағы жеке концерттерінің біріне билеттер, ұшақ билеттері мен тұратын орынмен қамтамасыз етіледі. Челлендж 8 мамырда басталып, 25 мамырға дейін жалғасады. Жеңімпаз 26 мамыр күні Алматыда өтетін фан-кездесуде жарияланады.

«Сәттілік пен шабыт тілеймін!» - деп жазды Димаш, барлық қатысушыларды шығармашылық байқауға қосылуға шақырып.

Бұған дейін Лондон мен Ригадағы Димаш Құдайбергеннің концерттеріне жалған билеттер сатылып жатқаны туралы хабарланған болатын.