$ 513.74  569.17  6.33

«Өзі босанғандай алып шықты ғой»: Актер Аян Өтепбергеннің анасы көпшілікке ренжіді (ВИДЕО)

Немеремнің арқасында танымал болып жатырмын.

Фото: instagram.com/marytorgay
Фото: instagram.com/marytorgay

Актер Аян Өтепбергеннің анасы көпшілікке ренжіп, жазба қалдырды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жақында актер Аян Өтепберген балалы болған еді. Сәбиді перзентаханадан шығу сәтінде актердің анасы көзге түсті. Алайда көпшілік баласының қасынан қалмай жүрген анасын көріп, түрлі пікір қалдырған. Бірақ көп уақыт өтпей Аян Өтепбергеннің анасы, әлеуметтік желіде ренішін білдіріп, жазба қалдырған.

«Желіде хит болып жатыр екенмін, "жұлдыз" болу әп-сәтте екен... Таныстарым,әр желіден сүйреп әкеліп,маған көрсетуге асығуда... Бұл не ,сонда? Еріккен ел не демейді... Жұмысы жоқтық,тамағы тоқтық,аздырар адам баласын..

Менің ойымша,осыны жазған ,ешқашан жақсылық көрмеген, қуанышты сезінбеген пенде-ау...Алла есіркесін...

Не дейін,немеремнің арқасында, танымал болып жатқаныма. Сансыз шүкір, Аллаға», - деп жазды ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 7
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары