15.05.2025, 12:20

«Шабыт беретін, өзіне сенімді адам керек»: Балжан Бидаш екінші рет тұрмыс құруға дайын екендігін айтты

Фото: желіден алынды

Ол оқырманының "тұрмысқа шығу ойыңызда бар ма?" деген сұрағына толық жауап қайтарды.

Танымал әнші Балжан Бидаш әлеуметтік желідегі парақшасында оқырмандардың сұрағына жауап берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ол оқырманының "тұрмысқа шығу ойыңызда бар ма?" деген сұрағына толық жауап қайтарды.

"Ойда бар! Тек қана сүюден бөлек, шабыт беретін, өзіне сенімді адам маңызды екенін өмір үйретіп жатыр. Ең бастысы-маған не керек екенін енді жақсы түсінемін. Қалай сүйілсем-солай сүюге дайынмын. Мүмкін ол күндер де алыс емес", - деп жазды ол.

Сондай-ақ әнші шығармашылықты да тұрмысқа шыққанда қолға алатынын айтты. Қазір қыдырудан қолы босамай жүргенін жеткізді.