15.05.2025, 16:20

«Үндемей отыра алмадым»: Райымның бұрынғы ғашығы күтпеген мәлімдеме жасады

Фото: https://www.instagram.com/nargiizaaa/

Жақсы жаңалықтар алда.

Белгілі әншілер, жұлдызды жұп Ерке Есмахан мен оның жас күйеуі Райм Бақтыгереев көптен бері елдің қызу талқысына түсуде, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Белгілі болғандай, Райм Бақтыгереевтің бұрынғы қалыңдығы Наргиза ұзатылмақ. Өткенде оған тұрмыс құру туралы ұсыныс айтылса, енді ол жақын арада сырға салынатынын хабарлады.

«Соңғы жаңалықтар. Үндемей отыра алмадым, қыздар. Жақсы жаңалықтар алда", - деп жазды ол.

Сырға салу мен ұзату Орал қаласында өтуі мүмкін.

Естеріңізде болса, осыдан бірнеше жыл бұрын Райм Бақтыгереевтің бұрынғы қалыңдығы Наргиза ел алдында мәлімдеме жасап, әнші мен ара қатынасы туралы айтқан еді. Ол тіпті, екі жақтың тойға дайындалып жатқанын атап өткен. Десе де қос жұп соңында ажырасып, Райм Ерке Есмаханға үйленуді жөн көрген.