Актриса әлеуметтік желідегі парақшасында Голливуд жұлдызы Том Крузбен түскен суретін жариялады.
Танымал қазақсстандық блогер, актриса Сабина Мовлаева Канн фестиваліне қатысты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Сонымен қатар, ол қызыл кілемде отандық дизайнер Назым Қарпықова тіккен көйлекпен бой көрсеткенін жеткізді.
«Ойлаңыздаршы, төрт көйлек киіп, үш рет Канн фестиваліне бардым. Шаршадым. Ертең елге қайтамын. Аллаға шүкір. Бәрі қайдан екенімді сұрап жатыр. "Қазақстаннанмын" десем, бәрі қызығып «Қайдан келдің?» деп сұрап жатыр», – деді Мовлаева.