Бәрімізге керек 40 кеңес.
Айтыскер ақын, тәлімгер Мұхамеджан Тазабек қызы Фатиманы ұзатты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Ұзату той Алматының төрінде дүркіреп өтті. Қуанышқа көптеген өнер адамдары, кәсіпкерлер мен блогерлер келген. Сондай-ақ, тойда Бекболат Тілеухан да төбе көрсетіп, домбырамен ән салды.
Мұхамеджан Тазабек ұзатылып жатқан қызына ерекше сый тарту етіп, әдемі тілегін жеткізді.
«Бұл сыйлықты қызыма ғана емес, ұзатылатын барша қазақ қыздарына, аяулы қарындастарыма арнадым,
Қыздың болашақ жарына, ата-енесіне, жақындары мен екі жасқа арналған ең маңызды 40 кеңесті қамтып, кітапша етіп шығардым», - деп жазды ол.
Өнер иесінің оқырмандары, екі жасқа бақыт тілеп, тілектерін жаудырды.