Мұха, ұшырғалы отырған балапаныңыздың бағы болсын!
Мұхамеджан Тазабек Фатима есімді қызын ұзатты. Айтыскер ақынның өнердегі достары да қатысқан тойда Тамара Асар Мұхамеджан Тазабектің жігіттің шағындағы серілігін айтып, мақтады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
«Мұхаңның беделін бөлек айтайын. 93 жылдары, біз оқуға түскен кезде Мұхамеджан Тазабеков бүкіл мен қазақпын деген қыздың бәрін ғашық қылған. Әрбір жатақхананың есігі ашулы, дастарханы жаюлы болатын. Осы Мұхаң есіктен бір сығалар ма екен, бір төрт жол өлеңімді арнар ма екем деп армандаған Мұхаңның төрінде мен ән айтайын деп тұрмын. Мұха, ұшырғалы отырған балапаныңыздың бағы болсын», — деді Тамара Асар.
Желі қолданушылары мен ақынның қызына бақыт тілеп, ізгі тілектерін жаудыруда.
«Қызыңыз бақытты болсын, бізге жұғысты болсын», «Тамара Асар қандай әдемі, достық тілек айтты. Керемет», «Той құтты болсын, жастар бақытты болсын», «Сіздің сері, қыздардың арманы болғаныңызға күмәніміз болмаған», — деп жазды олар.