$ 509.51  570.6  6.3

«Құдағилар тырысып отыр»: Димаштың қарындасына сырға салған сәттің видеосы тарады (ВИДЕО)

Қайта, текті жердің қызын алғанына қуанбай ма?

Фото: коллаж Sn.kz
Фото: коллаж Sn.kz

Танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің қарындасы Раушан Құдайбергенге сырға салу сәті түсірілген видео әлеуметтік желіде кең тарап жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Кадрларда Раушанның анасы, белгілі өнер қайраткері Светлана Айтбаева қонақтарды күлімсіреп қарсы алып тұрғаны көрінеді. Қолдарына гүл шоқтарын ұстаған құдағилар Светланамен жылы амандасып, төрге бет алады.

Видео соңында Димаштың үйіндегі үлкен әжелер де көрініс береді. Желі қолданушылары Раушанды текті жердің қызы деп, құдаларға ерекше бақыт бұйырғанын атап өтті. Алайда кейбір оқырмандар үлкен құдағилардың салқын жүзді екенін байқап, түрлі пікір қалдырған.

– «Неге бәрі тым ресми отыр?», «Текті жерден қыз алып жатырсыздар, шаттаныңыздар!», «Құдағилар сәл салқын көрінеді», – деп жазған олар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 20
Ұнамайды 6
Күлкілі 9
Ашулы 5

Серіктес жаңалықтары