16.05.2025, 17:20

«Шоу қылып жібердік»: Әнші Әділ Сламхан 50 жас мерейтойын дүркіретіп атап өтті (ВИДЕО)

Коллаж: Sn.kz

Той өтетін мейрамханаға өнер иесі жылқы мініп келген.

Белгілі әнші Әділ Сламхан елу жас мерейтойын жоғары деңгейде атап өтті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Әнші жұбайы Данамен бірге мерейтойға орай өздерінің жеке концерттерін өткізген. Концертте кәсіпкерлердің бірі оған су жаңа автокөлік сыйлады. 

Ал той өтетін мейрамханаға өнер иесі жылқы мініп келген.

"Шүкір, көптен күткен концертімізді де, тойымызды да өткәзәп алдық. Сіздерге де қуаныш той нәсіп етсін. Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған достарымызға мың алғыс. 50 жас мерей тойды да шоу қылдық", деп жазды әлеуметтік желідегі парақшасына.

Сондай-ақ ұл-қыздары әкелеріне тосын сый жасап, ән шашу арнаған.

Желі қолданушылары жұлдызды жұпты құттықтап, жарыса жазуда.

Тегтер: мерейтой Әділ