17.05.2025, 04:30

«Маңдай терімнің жемісі»: Ақбота-Нұр жаңа үйін көпшілікке көрсетіп, мақтанды (ВИДЕО)

Фото: Instagram/akbotanurabaykyzy

Қаншама еңбек. Кішкентай қыздың үлкен жетістіктерінің бірі. 

Белгілі қазақстандық әнші Ақбота-Нұр Сейітмағамбет жаңа үйін көрсетті. Баспанасының суретін ол Instagram желісіндегі парақшасында жария еткен, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

"Әр кірпішінде – арман, әр терезесінде – үміт. Жаңа үй – жаңа тыныс, жаңа бетбұрыс. Қаншама еңбек терімнің жемісі. Құтты шаңырақ болсын!", - деп жазды ол.

Желі қолданушылары Ақбота-Нұрдың қуанышына ортақтасып, жылы лебіздерін жаудырды.

"Берекелі, қайырлы үй болсын!", "Қандай керемет! Еңбегіңіз жана берсін, берекелі мерекелі шаттыққа толы шаңырақ болсын", "Құтты болсын берекелі болсын", "Қаншама еңбек. Кішкентай қыздың үлкен жетістіктерінің бірі. Арманға адалдық пен жұмыстағы табандылықтың нәтижесі. Өз ошағыңды, өз ұяңды, өз арманыңды өз қолыңмен қалап жатсың. Алла қолдаушың болсын", - деп жазды олар.