Бұл туралы өнер иесі әлеуметтік желіде жазды. Айтуынша, 24 мамырда Стамбұл қаласында концерті өтеді.
Актриса, әнші Айгүл Иманбаева Түркияда концерт өткізетінін айтты, хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бұл туралы өнер иесі әлеуметтік желіде жазды. Айтуынша, 24 мамырда Стамбұл қаласында концерті өтеді.
«Достар! Сіздерге ғажап бір жаңалығым бар. Көбіңіз осы инстадан көріп отырғандай, бүгінге дейін Лондон, Мадрид, Гранада-Испания, Париж қалаларын әсем ән тербеп, көптеген қазақтың көңіл күйін шертіп өттім… Ал, сол кезде көбіңіз «Әттең виза болғанда барар едік» деген едіңіздер. Енді виза да қажет емес, ұшаққа билетті аласыз да, топ етіп Стамбұлға түсесіз! Босфордың ғажап ауасымен демалып, менімен бірге “Таңғы елесті” шырқап, әдемі концерттен шабыттанамын десеңіздер, кәнеки… Күтеміз!» - деді әнші.
Айтуынша, шығармашылық кеш Стамбулдағы Гелишим университетінің концерт залында өтеді.
"Ән мен әуен, би мен шабыт, көңіл мен қуаныш – бәрі бір кеште! Келіңіздер, бірге ән шырқап, жанымызға демеу болар әуенмен қуаттанып қайтайық!", - деп жазды Айгүл Иманбаева.