19.05.2025, 06:30

«Әлі 27-дегі қыз сияқтымын»: Динара Сәтжан күйеуімен қайда демалып жатқанын айтты (ВИДЕО)

Фото: коллаж Sn.kz

Жұмыс қай кезде де істеле береді, бірінші денсаулықты ойлау керек.

Белгілі қазақстандық медиамаман Динара Сәтжан күйеуі Жұмабек Жанықұловпен демалысқа аттанды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы журналист әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

«40 жастан кейін бәрібір мағыналы демалысты аңсайды екенсің. Күн, теңіз, массаж, ағзаға қажетті дәрумендер және детокс. Ағзаны қалпына келтіру бір басқа, жүйке

жүйесін демалдыру бір бөлек. Біздің ресурстарымыз шексіз емес. Сондықтан өзіңізге көңіл бөлуді ұмытпаңыз», - деп жазды ол.

Сондай-ақ, ол бұл демалысқа күйеуі Жұмабек Жанықұловпен бірге кеткенін де жасырмай айтты.

Динара Сәтжанның оқырмандары тілектерін жаудырып, сәтті демалыс тіледі.