19.05.2025, 13:20

«Нағыз еркек екен»: Сәкен әйелі Айжұлдыз Адайбековаға су жаңа пәтер сыйлады (ВИДЕО)

Коллаж: Sn.kz

Ол пәтерді Алматының қақ төрінен алған.

Танымал әнші Айжұлдыз Адайбекованың күйеуі Сәкен Қағаров әйеліне су жаңа пәтер сыйлады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ол пәтерді Алматының қақ төрінен алған.

"Менің тәттіме пәтер сыйладым. Өз ыстық ұямызды Алматының орталығында құрамыз", деп жазды ол.

Жақында ғана отбасын құрған жұп қазір пәтердің жөндеу жұмыстарына кіріскен.

Оқырмандары да олардың бұл жаңалықтарына шын жүректен қуанып, тілектерін жаудырды.

"Құтты, берекелі үй болсын", "Нағыз еркек екен", "Керемет жаңалық, құтты болсын", - деп жазды.