$ 507.07  572.53  6.37

«Менен басқасының бәрі алған ба?»: Әнші Әmre марапат алмағанына ренжіді

Әнші 30 жасқа дейін “Еңбек сіңірген қайраткері” атануды мақсат еткенін атап өтті.

Фото: @amre_official
Фото: @amre_official

Әмре атымен танылған әнші Ернар Садырбай “Еңбек сіңірген қайраткері” марапатын алған әріптестерін құттықтап, өзіне бұйырмағанына ренішін білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Әнші 30 жасқа дейін “Еңбек сіңірген қайраткері” атануды мақсат еткенін атап өтті.

"Менен басқасының барлығы Мемлекеттік звание алған сияқты ма? Мен 30 жасыма дейін “Еңбек сіңірген қайраткерін” алу мақсатым болған. Эстарада әншісінің мансабындағы ең маңызды деген барлық конкурстарына барып, төбе көрсетсем де, биыл маған тағы да бұйыртпапты… Һайыр! Еш реніш емес, 30-жасыма дейін аламын - деген пенделік арманым болған, 30-дан кейінге қалды енді бұйыртса. Әріптестерімді маңызды марапаттарымен құттықтаймын, - деп жазды Ернар Садырбай. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 15
Ұнамайды 3
Күлкілі 5
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары